Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Коронавирус: 14 өңір «жасыл» аймақта орналасқан

2021 жылдың 18 желтоқсан 2021 09:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 18 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған сәйкес, «қызыл» аймақта орналасқан өңірлер жоқ.

«Сары» аймақта Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

«Жасыл» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары енген.


Жоғары қарай