Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: 203 қазақстандық шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген

2020 жылдың 5 желтоқсан 2020 11:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 4 желтоқсанда Қазақстан аумағына Венгрия, Литва, Пәкістан, Мысыр, БАӘ, Түркия, Беларусь және Өзбекстаннан 16 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратына сәйкес, барлығы 1 898 жолаушы ұшып келген. Оның ішінде 1695 адамда коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Анықтамасыз 203 адам келді, барлығы – ҚР азаматтары.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына - 9 рейс, барлығы 1 298 жолаушы, анықтамамен - 1 142, анықтамасыз - 156;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 6 рейс, барлығы 478 жолаушы, анықтамамен - 433, анықтамасыз - 45;

- Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлығы 122 жолаушы, анықтамамен - 120, анықтамасыз - 2.

«Анықтамасыз болған Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 203 азаматтың тест сынамалары теріс нәтиже көрсетті», - делінген министрлік мәліметінде.


Жоғары қарай