Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Коронавирус: 260 қазақстандық жансақтау бөлімінде жатыр

2020 жылдың 7 шілде 2020 12:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният КВИ бойынша Қазақстанда соңғы тәулікте 456 науқас стационарға жатқызылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы тәулікте 456 науқас стационарға түсті. Жансақтау бөлімінде ауыр және өте ауыр жағдайда 260 науқас жатыр. Оның ішінде 12 жүкті әйел, босанғаннан кейінгі ана және бір бала бар. Осы пациенттердің 72 пайызы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Соңғы тәулікте 5 пациент жансақтау бөлімінен әдеттегі палаталарға жағдайының жақсаруына байланысты ауыстырылды. Жағдайы ауыр науқастардың негізгі үлесі – Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына тиесілі», - деді Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.




Жоғары қарай