Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Коронавирус: АҚШ Covid-19 вирусын жұқтырудан әлемде бірінші орында тұр

2020 жылдың 5 шілде 2020 10:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік және Оңтүстік Америка өңірі ауру жұқтыру санынан көш бастады. Мұнда 5 445 710 пациент ауру жұқтырған. Әлемде коронавирус жұқтыру саны жөнінен АҚШ бірінші орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Латын Америкасы елдерінде Covid-19 жұқтыру жағдайлары алғаш рет Еуропадан көп анықталды. Мұнда 2,7 млн адам вирус жұқтырған. Бразилия індетке шалдығу саны жөнінен екінші орында. Елде 62 мыңға жуық адам қауіпті вирустан көз жұмған. Сонымен қатар, Кубадағы жағдай Латын Америкасының басқа елдеріне қарағанда әлдеқайда жақсы. Алғашқы ауру жұқтыру оқиғасы анықталғанға дейін Куба билігі жергілікті тұрғындарды тексеруді ұйымдастырып, дәрігерлер тобы елдегі әрбір үйде болып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сенбі күні Гаванада карантиндік шектеулер әлсіреді. Әлемде ауру жұқтырғандар саны бойынша бірінші орында АҚШ тұр. Жұма күні елде тәуліктік рекордтық көрсеткіш тіркелді, коронавирусты 57 497 адам жұқтырған.


Басты сөздер: Коронавирус,
Жоғары қарай