Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Әлемдегі эпидемиологиялық ахуал қандай

2021 жылдың 25 қыркүйек 2021 03:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комисия әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға шолу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Швейцария полициясы «ковид-паспорт» қарсыластарын су шашу арқылы қудалап жіберді.

Наразылықтар 22 қыркүйектен 23 қыркүйекке қараған түні екпе алуды, ковидпен ауырып, сауыққанын растайтын немесе коронавирусқа теріс сынақ туралы куәлік туралы Үкімет талап енгізгеннен кейін басталды.

«Ковид-паспорттарды» қоғамдық орындарға кіре берісте көрсету қажет.

Мальта билігі вакцинацияланған саяхатшыларға, соның ішінде Ресейден келушілерге елге кіруге рұқсат берді.

Шешім туралы толық ақпарат ресми туристік порталда орналастырылған.

Сонымен, Мальта азаматтары елге толық вакцина алған жағдайда туристік мақсатта келе алатын елдердің тізімін жаңартты.

Таиландта COVID-19 вирусына қарсы вакцинацияланғандар үшін екі апталық карантин мерзімін 7 күнге дейін екі есе қысқарту жоспарлануда.

Вакцинациядан өткендігі туралы растама мәліметтерді көрсетпейтіндер, егер олар әуе шекарасынан өткен болса - 10 күнге және құрлық жолы арқылы келген болса - 14 күнге оқшауланады.


Жоғары қарай