Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Алматы облысында дәрілік заттардың екі айлық қоры бар

2020 жылдың 20 қазан 2020 12:48

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жеке қорғану құралдарының үш айлық қоры, дәрілік заттардың екі айлық қоры бар. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

«Алматы облысында жалпы пандемиямен күреске жергілікті бюджеттен 13 млрд теңге бөлінді, оның 8,1 млрд теңгесіекінші толқынға дайындық үшін бөлінген. Облыстың медицина мекемелеріндежеке қорғану құралдарының үш айлық қоры, дәрілік заттардың екі айлық қоры бар», - деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірдегі денсаулық сақтау мекемелеріндежеке қорғану құралдарының үш айлық қоры, атап айтқанда 6,2 млн бетперде, 2,5 млн қолғап, 74,6 мың бір рет қолданылатын қорғаныш костюмдерінің жиынтығы бар. Ал дәрілік заттардың екі айлық қоры қалыптастырылған, нақтылап айтсақ, стационарларда 1,4 млрд теңгеге 204 түрлі дәрі, амбулаторияларда 101 млн теңгеге 5 түрлі дәрі қоры бар.

Тұрақтандыру қорынақосымша 800 млн. теңге бөлініп, қаржы көлемі 1,3 млрд.теңгені құрады.500 млн. теңгеге дәрілік заттардың 30 түрін сатып алуға «INKAR» ЖШСбірыңғай дистребьютерімен келісім шарт жасалған. Сондай-ақ, «СК Фармация» арқылы дәріханалар үшін 33 түрлі дәріге 63 млн теңгеге өтінім берілді, 1 млн бетперде сатып алынды. Бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтары да назардан тыс қалған жоқ. Олар үшін жергілікті бюджет есебінен 92 млн.теңгеге вирусқа қарсы препараттардың 4 түрі сатып алынды.

Облыста жеке қорғану құралдары өндірісі жолға қойылған. Маска тігуге 5 тігін кәсіпорны бейімделді, Талдықорған қаласында маска тігетін үш қабатты цех жұмыс істейді. Жалпы тәулігіне барлығы 250 мыңнан астам бетперде шығарылады. Облыс дәріханаларында сатылатын масканың бөлшек саудадағы орташа бағасы 40 теңгені құрап отыр.


Жоғары қарай