Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Алматыда «үнді штамы» бар науқастар қалай емделіп жатыр

2021 жылдың 28 маусым 2021 19:25

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат-Алматыда коронавирустың жаңа «үнді штамы» бар пациенттер қалай емделіп жатыр. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирустың «Үнді» штамымен ауырғанда ұзақ уақыт бойы температура түспейді. Науқастың есту қабілеті жоғалуы мүмкін. Бүгінгі таңда науқастарды емдеу бұрынғыдай жүріп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі емдеудің арнайы хаттамасын бекіткен жоқ», - деп атап өтті қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жандарбек Бекшиннің орынбасары Сәдуақас Байғабылов Алматыда коронавирустың Үнді штамы айналымының ықтималдығын анықтағанын айтқан болатын.

Қаланың бас санитарлық дәрігері атап өткендей, вирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты мутацияға ұшыраған штамдарға зерттеулер жүргізілді.

«Нәтижесінде КВИ науқастарынан алынған 131 үлгінің 77-сі «альфа» - Британдық штамдар және 46 үлгіде «дельта» - Үнді штамдары анықталды. Сонымен қатар, екі «гамма» - Оңтүстік Африка штамдары және Нью-Йорктік бір «бетта» штаммы тіркелді», - деп нақтылады Ж. Бекшин.

2021 жылдың 26 маусымынан бастап Алматы «қызыл» аймаққа кірді.

Мегаполистегі эпидемиологиялық жағдай «дельта» штамының таралуына байланысты қиындады.

Қаланың бас санитарлық дәрігері коронавирустың төртінші толқынының пайда болуы мүмкін екенін мәлімдеді.



Басты сөздер: Алматы, Медицина, Коронавирус,
Жоғары қарай