Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Коронавирус: Арменияда төтенше жағдай режимі тағы бір айға созылды

2020 жылдың 13 шілде 2020 15:04

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Армения Үкіметінің шешімімен республикада коронавирусқа байланысты наурызда енгізілген төтенше жағдай режимі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Дүйсенбі, 13 шілдеде Армения Үкіметінің кезектен тыс отырысы өтті. Онда ТЖ режимін тағы бір айға - 12 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. ТЖ режимін ұзарту туралы шешім елдегі коронавирус инфекциясының таралу ұзақтығына, сондай-ақ оған қарсы тұрудың тиімді тетіктерін қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделген.

Армения денсаулық сақтау министрлігінің ауруды бақылау және алдын алу жөніндегі ұлттық орталығының мәліметінше, елде 32 151 адам коронавирус иинфекциясын жұқтырған. 19 865 пациент сауығып шықса, 11 530 науқас ем қабылдауда. Қауіпті індеттен 573 адам көз жұмған. COVID-19 диагнозы қойылған тағы 183 пациент өзге себептерден қайтыс болды.

Еске сала кетейік, Арменияда коронавирус инфекциясына байланысты төтенше жағдай режимі 16 наурызда бір айға енгізілген болатын. Кейіннен 13 сәуірде Армения үкіметі ТЖ режимін 14 мамырға дейін, содан кейін екі рет - 13 маусымға дейін және 13 шілдеге дейін ұзартқан еді.



Автор: Азамат Алмағанбетов


Басты сөздер: Коронавирус, Армения,
Жоғары қарай