Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Астанада 4,5 мың адам стационарда жатыр

2021 жылдың 17 сәуір 2021 01:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы тәулікте елордада коронавирус жұқтырудың 600-ден астам жағдайы анықталды. Қалада инфекцияның жоғары деңгейі байқалады. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі комиссия отырысында елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда қалада инфекцияның жоғары деңгейі басылар емес. Бір тәулік ішінде 7 386 зерттеу жүргізілді, оның 678-і — оң нәтиже, ал оның ішінде 77-сі қайта талдау нәтижелері. 601-і — алғаш рет анықталып отыр. Симптомдары бар 422 жағдайдың 11-і алдын алу шаралары барысында анықталды. Байланыста болғандар — 132, өз өтініші бойынша — 279. Бұл шектеу және карантин шараларының бұзылуын, жеке тұлғалардың да, заңды тұлғалардың да алдын алу шараларын сақтамағанын растайды. Жұрт үй жағдайында біз көрсеткен шараларды сақтамайды», — деп атап өтті Сархат Бейсенова.

Оның мәліметінше, 60 жастан асқан адамдар арасында КВИ ауруының 2-3% өсуі байқалады.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов та денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс күш түскенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта 4 373 науқас амбулаторлық ем қабылдауда. Қалада күн сайын 250 бригада жұмыс істейді және ПТР алады. Стационарларда 1 112 адам — орташа және орташа ауыр жағдайда. Қазір жансақтау бөлімінде жатқан адамдардың саны 100-ден асады, оның ішінде 32 адам — өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», — деді Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Оның айтуынша, қазір халық мұндай жүктемеден бейхабар. Себебі денсаулық сақтау жүйесі тыңғылықты дайындалған. Ал дәріханалар мен стационарларда, бөлшек саудада дәрілік заттар қоры жеткілікті.

Бұл ретте дәрігерлер қала тұрғындарын адам көп жиналатын жерлерге бармауға, санитарлық нормалар мен карантиндік талаптарды сақтауға шақырады. Олар вакцинацияны қауіпті инфекциямен күресудің ең тиімді әдісі деп санайды. Бұл қалыпты өмірге тезірек оралуға көмектеседі.


Жоғары қарай