Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Аустралияның Мельбурн қаласында алты апталық локдаун енгізіледі

2020 жылдың 15 шілде 2020 17:52

МЕЛЬБУРН. ҚазАқпарат – Соңғы тәулікте бес миллион тұрғыны бар Мельбурн қаласында 200 адамнан SARS-CoV-2 табылды. Биліктің жаппай локдаун жариялаудан басқа шарасы жоқ, деп хабарлайды Қазқпарат Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Аустралияның Мельбурн қаласында билік SARS-CoV-2 коронавирусының қайта өршуіне байланысты алты апталық локдаун енгізіп жатыр. Мегаполистің бес миллионнан астам тұрғыны бір жарым ай бойы үйде отыруға мәжбүр болады, деп мәлімдеді Виктория провинциясының премьер-министрі Дэниел Эндрюс.

Локдаун сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні басталады. Өткен тәулікте Мельбурнда – Аустралияның үлкендігі бойынша екінші қаласында 191 адамнан коронавирус табылған.

«Коронавирусқа байланысты дағдарыс бітті деген сөз емес. Бұл - өте жоғары көрсеткіш. Ешкім де мұндай жағдайды бастан өткергісі келмейді. Қабылданып отырған шаралардың салдарынан үлкен залал келетінін білемін. Бірақ, бұдан басқа амал қалмады», - деді Эндрюс журналистерге.

Көптеген оқушылар қашықтан білім алуға көшеді. Мейрамханалар тек үйге дейін жеткізу арқылы тамақ сата алады. Штаттың әкімшілік шекарасы жабылды.

Полиция мен әскерилер, шекарашылар, пилотсыз ұшатын құрылғылар аумақты бақылауға алды.

Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай