Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Коронавирус: Батыс Қазақстанда 1400-ге жуық адам үйде оқшаулануда

2020 жылдың 25 сәуір 2020 15:16

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 103-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың брифингте мәлім еткеніндей, соның басым көпшілігі – Ресейден келгендер.

101 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатса, екеуі жазылып шықты.

«Күні бүгін облыста 24 адам провизорлық, 110 адам карантиндік стационарда жатыр. Оған қоса 1386 адам үйде оқшауланған, олар да күнделікті медициналық бақылауға алынған», деді Н.Мұстаев.

Сонымен қатар Н.Мұстаев карантиндік шектеу шараларының жалғасатынын жеткізді. Атап айтқанда, БҚО бас мемлекеттік санитарының қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес бұдан бұрын Оралда қоғамдық көліктер қозғалысы тоқтатылған еді. Бұл шара енді 28 сәуірге дейін ұзартылады.

Сол секілді санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтап, қызмет атқаратын көтерме сауда орындарынан басқа өңірдегі азық-түлік базарлары да 28 сәуірге дейін жабық тұрады. Банктер бойынша да жағдай осындай. Тек зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек беретін банктер ғана сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да соңғы тіркелген 6 науқастың бесеуі Ресейден келгенін, облыста 133 мың тұрғынға 42500 теңгеден берілгенін жазған болатынбыз.




Жоғары қарай