Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Коронавирус: БҚО-да 1500-ге жуық адам үй оқшаулауында жатыр

2020 жылдың 3 маусым 2020 11:18

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 1452 адам үй оқшаулауында жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, өңірде 413 адам ем алып жатса, 319-ы жазылып шықты.

Сондай-ақ 22 адам провизорлық, 102 адам карантиндік стационарда бақылануда.

Облыста соңғы тіркелген 40 адамның (өсім – 5,8 пайыз) 30-ы – бұрын коронавируспен ауырғандармен қарым-қатынаста болғандар. Ал 5 адамнан профилактикалық мақсатта сынама алынған кезде анықталды.

Коронавирус жұқтырған 2 адам – Ресейде жұмыс істейтін Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. Олар «Сырым» автоөткелінен өткеннен кейін карантиндік стационарға жатқызылған.

Тағы 3 адам – Теңіз кен орнында вахталық әдіспен жұмыс істейтін облыс тұрғындары.

Науқастармен байланыста болғандар медициналық бақылауға алынып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Осылайша БҚО-да ауырғандар саны 732-ге жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирус жұқтырған екі жасар баланың жағдайы өте ауыр екенін жазған болатынбыз.



Жоғары қарай