Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Коронавирус: Дәрігерлер дене шынықтырумен айналыспауға кеңес береді

2020 жылдың 6 шілде 2020 14:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәрігерлер коронавируспен ауырған кезде дене шынықтырумен айналыспауға кеңес береді. Бұл туралы Астана медицина университеті Балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, инфекционист-дәрігер Баян Тұрдалина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сау иммунитет кез келген жұқпалы процестің жеңіл немесе симптомсыз өтуіне әсер етуі мүмкін. Коронавируспен ауырмаймын деп дене шынықтырумен қарқынды айналысу, яғни ағзаға артық жүктеме түсіру де дұрыс емес. Олардың барлығы нормаға сай, біркелкі болуы тиіс. Әрине, иммунитет жақсы болуы үшін жүгіру, жүру, дене шынықтырумен айналысу керек», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, аурудың жұқпалы процесі жедел кезеңде болса, онда дене шынықтырумен, жаттығулармен айналысуға кеңес берілмейді.

«Психико-эмоционалды тыныштықты сақтау қажет. Әрине, нормаланған жүктеме болу керек. Бірақ, дәрігерлер аурудың жедел кезеңінде дене шынықтырумен айналысуға кеңес бермейді», - деді Баян Тұрдалина.


Жоғары қарай