Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді

2021 жылдың 17 қаңтар 2021 10:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 17 қаңтар күнгі мәліметіне сәйкес, Қазақстанның 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Қостанай және Павлодар облыстары тұр.

«Сары» аймақта Алматы қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.

Еске салсақ, 16 қаңтар күні «қызыл» аймақта Қазақстанның 3 өңірі орналасқан болатын.

Өткен бір тәулікте коронавирус індетінің жаңадан 978 жағдайы анықталды. Сондай-ақ 16 қаңтар күні індеттен 600-ге жуық адам жазылды.


Жоғары қарай