Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Елордада құдалық жасағандар жауапкершілікке тартылды

2020 жылдың 27 қараша 2020 20:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың бас санитар дәрігерінің қаулысын елемей, қалада құдалық тойын өткізгендер анықталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция қызметкерлері күн сайын карантиндік режимнің орындалуын қадағалау мақсатында мобильдік топ құрамында рейдтік шараларды жүргізеді. Осы орайда кеше Бесшалқар көшесі бойындағы коттедждердің бірінде отбасылық шара өтті. Ұйымдастырушылар алдын ала екі қабатты коттеджді жалға алғаны белгілі болды.



Мобильді топ ереже талаптарын орындамағандарды тойдың қызған сәтінде анықтады. 70-тен астам қонақ тойға келіп, санитарлық нормаларды орындамаған.

Екінші құдалық тойында «Бибігүл» мейрамханасына 40-қа тарта адам жиналған. Әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін талаптарды орындамаған меймандарға қатысты материалдар тиісті мекемеге жолданды.

«Тәулік ішінде мобильді топ кәсіпкерлік 161 нысанды тексеріп, карантиндік режимді бұзудың 6 фактісін анықтады», - делінген Полиция департаменті мәдіметінде.


Жоғары қарай