Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Коронавирус: Францияда вакцина алмаған тұрғындарға емді ақылы ету ұсынылды

2022 жылдың 30 қаңтар 2022 21:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Францияда коронавирусқа қарсы вакцина алмаған тұрғындарға медициналық көмекті ақылы ету ұсынылды. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Тelegram-каналында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Францияда дәрігерлер вакциналанбаған тұрғындар үшін COVID-19 емін ақылы етуді ұсынды. Өйткені елдің денсаулық сақтау шығындары үнемі өсіп келеді. Орташа алғанда, бір науқасты реанимацияда емдеу Француз билігіне 3340 долларға шығады.

Австралия вакцинаның бустерлік дозасын алуға құқығы бар азаматтардың тізімін кеңейтті – енді ревакцинация 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін қолжетімді болды. Билік бұл шешімді елде коронавирустан болатын өлім көрсеткішінің өсуіне байланысты қабылдады.

Бірқатар елде коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік өсуі бойынша антирекордтар тіркелді: Бразилияда – 269 968, Түркияда – 93 586, Жапонияда – 81 816, Нидерландыда – 74 085, Оңтүстік Кореяда – 17 542.


Жоғары қарай