Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Германия коменданттық сағат енгізбек

2021 жылдың 12 сәуір 2021 02:24

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат – Иран коронавирустың қайта өршуіне байланысты локдаун енгізіп, ал Германия коменданттық сағат енгізбек. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы ВАК жұмысы туралы ақпараттық орталықтың телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Ливияда халықты коронавирус инфекциясына қарсы екпе егу науқаны басталды. Атап айтқанда, Триполиде алғашқы вакцинаны елдің уақытша премьер-министрі Абдель Хамид Дбейба мен денсаулық сақтау министрі Али аз-Зинати алды. Уақытша премьер екпе егу компаниясын өз кабинетінің басты мақсаттарының бірі деп жариялап, алдыңғы үкіметті вакцинацияның кеш басталғанына айыптады.

Италияда індеттің таралу қарқыны төмендеуде. Өткен тәулікте елде 17 567 жаңа жұқтыру жағдайы анықталғанын (бір күн бұрын - 18 938) елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Қарқынды терапия палаталарындағы пациентердің саны 3603-тен 3588-ге дейін азайған.

Германияда эпидемиологиялық қаупі жоғары аймақтар үшін коменданттық сағат енгізілуі мүмкін. Мұндай шара жұқпалы аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес туралы жаңа заң жобасының аясында көзделген. Кешкі сағат 21.00 -ден таңғы сағат 05.00-ге дейін үйден кетуге тыйым соңғы жеті күн ішінде 100 мың тұрғынға шаққанда індетті жұқтыру деңгейі 100 жағдайдан асатын барлық округтерде енгізілмек.

Иранның 23 провинциясында эпидемияның тағы бір толқыны аясында 10 күндік локдаун енгізілді. Фирмалар, мектептер, театрлар, спорт мекемелері жабық, адамдардың топталып жиналуына тыйым салынған. Ислам Республикасының Президенті Хасан Роухани аурудың өршуін Иранға « Британдық « штаммның енуімен, сондай-ақ Наурыз мерекесі кезінде ел ішіндегі жүріс-тұрыстың көбейуі және адамдардың мерекелік шараларды ұйымдастырумен байланыстырып отыр.


Басты сөздер: Әлемдегі коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай