Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: «Қашықтан»  жұмыс істеп жатқан қытайлық шаштараздардың видеосы пайда болды

2020 жылдың 6 наурыз 2020 15:11

ЛУЧЖОУ. ҚазАқпарат - Қытайдағы шаштараздар COVID-19 басталған кезде клиенттерден қауіпсіз қашықтықты сақтау үшін құралдарды таяқтардың ұшына орнатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 наурыз күні Сычуань провинциясындағы Лучжоу қаласындағы шаштараздардың түсірген қызықты видеода шаштараздар щеткамен, ұстарамен және шаш кептіргішті бір метрден астам таяқтардың ұшына орнатып, іске қызу кіріскендігін көруге болады.

Клиенттер өздерін қауіпсіз сезінуі үшін, шаштараз осындай «алыс қашықтықта жұмыс істеу» әдісін ойлап тапты.

Шаштараз иесі «бұл идеям клиенттерді қатты қуантып жатыр» деген пікірде.


Автор Мұхтар Мұрат
Басты сөздер: Қытай, Коронавирус,
Жоғары қарай