Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Коронавирус қатері: БҚО-да бір күнде клиникалық белгілері жоқ 91 тасымалдаушы тіркелді

2020 жылдың 30 маусым 2020 12:57

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 29 маусымда клиникалық белгілері жоқ 91 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 3 маусымнан бері коронавирус дертінің клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушылар саны 1162-ге жетті.

Сондай-ақ кеше коронавирус жұқпасының ауру белгілерімен 31 адам (өсім – 2,2 пайыз) анықталды. Соның 10-ы бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болса, 6 адамнан эпидемиологиялық қадағалау бойынша сынама алынған. 15-і өздігінен медициналық көмекке жүгінген.

Соның ішінде 24-і Орал қаласында тіркелсе, үшеуі – Бөкей ордасы, төртеуі Теректі ауданының үлесіне тиеді.

Өңірде барлық ауырғандар саны 1462 болса, соның 1103-і Оралда, Бөкей ордасы ауданында – 19, Бөрліде – 41, Жаңақалада – 8, Жәнібекте – 27, Бәйтеректе – 84, Қаратөбеде – 6, Сырымда – 31, Тасқалада – 48, Теректіде – 45, Қазталовта – 3, Шыңғырлауда 6 адам індет жұқтырған.

Күні бүгінге дейін 893 адам жазылып шықса, 10-ы көз жұмды.

Қазіргі таңда 30 адам карантиндік, 131 адам провизорлық стационарда жатса, үйлерінде оқшауланған 587 адам дәрігерлер бақылауында.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, 504 адам жұқпалы аурулар стационарында емделуде. Соның ішінде 62 адамның жағдайы ауыр. 10 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 150-ден астам медицина қызметкерінің коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай