Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Коронавирус: Қазақстан білікті эпидемиологтарды Қытайға жіберуге дайын

2020 жылдың 27 қаңтар 2020 19:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Қытайдағы жаңа коронавирус инфекциясын зерттеу үшін тәжірибелі эпидемиологтарды жіберуге дайын. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз ҚХР-мен біріге жұмыс істеуге дайынбыз. ҚХР Денсаулық сақтау министрлігінен ақпарат алу туралы мәселені талқыладық. Қажет болған жағдайда ол жаққа тәжірибелі эпидемиологтарымызды жіберіп, ҚХР-да эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасуға әзірміз», - дейді т ауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ, ол Қазақстандағы медициналық мекемелерді толық медициналық көмек көрсету үшін тиісті дәрі-дәрмекпен жабдықтау алгоритмі жасалғанын айтты.

«Біздің инфекциялық стационарларда 6 мың орын бар. Егер науқастармен байланыс жасаған адамдарды жатқызу керек болса, қосымша 4780 орын қосамыз. Бастапқы алты айда керек болатын дәрі-дәрмектің, медициналық бұйымдардың және диагностикалық препараттардың есебі жасалды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде күн сайын Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал жөніндегі штаб жұмыс істейді», - дейді Бекшин.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ухан қаласындағы қазақстандық студенттерді эвакуациялау мәселесі қарастырылып жатқанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай