Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Қазақстандық вакцинаның компоненттерін егу мерзімін ұзарту қарастырылмаған

2021 жылдың 14 мамыр 2021 18:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның І және ІІ компоненті арасындағы мерзімді ұзарту қарастырылмады. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз қызметінде қазақстандық вакцинаның (QazVac) І және ІІ компоненті арасындағы 21 күнді ұзарту мүмкіндігі туралы сұралды.

«Отандық вакцинаны салдыру мерзімінің аралығын ұзарту вакцина өндірушілердің нұсқауымен ғана енгізіледі. Қазіргі кезде бұл мәселе көтірілмеді. Жаңа деректер болғанда ғана тиісті өзгерістер енгізіледі. Еске сала кетейік, Гамалея ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбургтің ресми мәлімдемесінен кейін «Спутник-V» вакцинасының компоненттерін салдыру аралығы ұзартылды», - деді М. Смағұл.

Осы орайда қазақстандық вакцинаның І және ІІ компонентінің арасындағы мерзімді ұзарту мәселесі қарастырылмағанын нақтылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, баспасөз мәслихатында вакцинаның бірінші компонентінің орнына екінші компонентін салудың кері салдары болмайтыны айтылды.



Жоғары қарай