Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Коронавирус: Қызылорда облысы «сары» аймаққа ауысты

2022 жылдың 30 қаңтар 2022 09:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 30 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирусқа қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды,Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.

«Сары» аймақта Қызылорда облысы тұр.

«Жасыл» аймақта: Түркістан облысы орналасқан.

Айта кетейік, 29 қаңтарда Қызылорда облысы «қызыл» аймақта орналасқан болатын. Қалған өңірлер бойынша эпидемиологиялық ахуал матрицасында өзгеріс жоқ.

Өткен тәулікте ел өңірдерінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 9 475 жағдайы тіркелді, 12 611 адам сауығып шықты.



Жоғары қарай