Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Коронавирус: Қызылорда облысында науқастардың 80 пайызға жуығы емделіп шықты

2020 жылдың 23 мамыр 2020 23:58

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың 80 пайызға жуығы емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Қызылорда облысында коронавирус індетінен тағы 4 науқас емделіп шықты. Олардан емі толық аяқталған соң 2 рет тест сынамасы алынды.

«Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетті. Науқастар сырқатынан айығуына байланысты ауруханадан үйлеріне қайтарылды. Індетті жеңген 4 науқас - Қызылорда қаласының тұрғыны. Емделушілер алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Қазірге дейін Қызылорда облысында 278 адамға коронавмрус инфекциясы диагнозы қойылды. Сырқаттар арасынан 225 адам індеттен айығып шықты. Олардың 86-ы Кызылорда қаласында тұрса, аудандар бойынша Аралда - 6, Қазалыда - 3, Қармақшыда - 5, Сырдарияда - 26, Шиеліде - 66, Жанақорғанда - 31 адамды құрайды. Ал біреуі Ресей Федерациясының азаматы болса, тағы бірі Алматы тұрғыны.

Бүгін Қызылордада екі зейнеткер коронавирус инфекциясын жұқтырды .

Сондай-ақ, Қызылордада кейбір шектеу шаралары қайта енгізілуі мүмкін .


Жоғары қарай