Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Латвияда локдаун енгізіледі

2021 жылдың 23 қазан 2021 03:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Латвияда локдаунды енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Латвия Сеймі Министрлер Кабинетінің локдаунды енгізу туралы шешімін бекітті. 21 қазаннан 15 қарашаға дейін тек бірінші кезектегі тауарлар сатылатын дүкендер жұмыс істейді. Локдаун кезінде коменданттық сағат 20:00-ден 05:00-ге дейін жалғасады. Елдің Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, Латвия қазір сырқаттанушылық деңгейі бойынша да, вакцинацияның төмен қарқыны бойынша да Еуропада көш бастап тұр.
Украинада екінші күн қатарынан күніне 23 785 коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары, сондай-ақ өлім-жітім саны бойынша 614-ке жетіп, анти-аккорды тіркелді. Сонымен қатар, өткен 24 сағат ішінде Украинада 269 666 адам вакцинацияланды. Бұл да күнделікті көрсеткішке қарағанды рекордтық көрсеткіш.

Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай Латвияда карантин талабын бұзғандар 5 мың еуро төлейді.


Жоғары қарай