Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Коронавирус науқастарының рекордты саны тіркелді: Байқоңырда карантин ұзартылды

2022 жылдың 29 қаңтар 2022 18:32

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Соңғы он күн ішінде Байқоңырда коронавирусқа шалдығудың 400-ге жуық жаңа оқиғасы тіркелді. Бұл – пандемия басталғалы абсолютті антирекорд, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресей Федералды медико-биологиялық агенттігі «Байқоңыр» кешені Өңірлік басқармасының ақпаратынша, 2022 жылдың 28 қаңтарында қауіпті вирусқа шалдыққан 3566 адам тіркелген. Індетті жұқтырғандар саны артып келеді, COVID-19 емдейтін инфекциялық стационарда 36 адам жатыр, вирустан 146 адам қайтыс болған.

2022 жылғы 19 қаңтардағы мәліметтермен салыстырғанда, өсім 384 оқиғаны құраған, стационарда жатқандар саны артты, коронавирустан қайтыс болудың екі оқиғасы тіркелді.

Байқоңыр аумағында 2022 жылдың 30 қаңтарына дейін белгіленген карантин қала әкімшілігі басшысының қаулысымен 14 ақпанға дейін ұзартылды.


Жоғары қарай