Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус пен пневмониядан көз жұмған 27 медқызметкерге өтемақы төленді

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 10:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус пен вирустық пневмониядан көз жұмған 27 медицина қызметкеріне өтемақы төленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25 қыркүйек сағат 9.00-дегі жағдай бойынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 2 043 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 27 медицина қызметкеріне біржолғы әлеуметтік төлем жасалды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жоғарыда аталған төлем төленетін медицина қызметкерлерін өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссиялар ауырған медицина қызметкерлерін тексеру нәтижелері негізінде анықтайды. Өтінімдердің жинақтауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады, одан кейін өтінімдер электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа беріледі, кейін төлем тағайындау үшін МӘСҚ-ға жіберіледі.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан (517) және Алматы (373), Шымкент (117) қалалары, Қарағанды (170), Батыс Қазақстан (131) және Ақмола (107) облыстары бойынша жүргізілді.


Жоғары қарай