Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сoronavirus2020.kz. сайты 2020 жылғы 22 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония 157 адамнан анықталды және 2 өлім тіркелді. Оған қоса 99 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бері барлығы: ауырғандар - 41159, 427 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30059 жетті.