Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: ШҚО тұрғындарының 60 пайыздан астамы вакцина алды

2021 жылдың 16 қыркүйек 2021 16:11

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында тұрғындардың 62 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қыркүйек айының басынан бері облыста коронавирус жұқтырғандар саны біршама азайған. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің айтуынша, бүгінгі таңда халықтың 62,2%-ы толықтай вакцинация процедурасынан өтті. Ал жұртшылықтың 78%-ы екпенің 1-ші компонентін алған.

«Осы орайда жұмысты ары қарай жалғастыруымыз керек. Ұжымдық иммунитеттің арқасында ғана қалыпты өмір салтына қайта орала аламыз. Өңірдегі медициналық мекемелерде төсек-орын жеткілікті. Дәрігерлер үшін жеке қорғаныс құралдарының қоры да толық. 18 компьютерлік томограф, 67 рентген және 370 ӨЖЖ аппараты тәулік бойы жұмыс істейді. ПТР тестілеуді 20 зертхана жүргізеді», - деді облыс әкімі.

Аймақтағы пандемия жағдайында денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылған. Биыл Семейде ядролық медицина және онкология орталығы іске қосылды. Жыл соңында балаларды оңалту және катамнез орталығы өз жұмысын бастамақ. Сондай-ақ Өскеменде гематология орталығының құрылысы жалғасуда.



Жоғары қарай