Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Вьетнамда антирекорд тіркелді. Косовода «дельта» штамын жұқтырғандар көбейген

2021 жылдың 28 тамыз 2021 20:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Вьетнам коронавирусқа қатысты антирекорд тіркелді. Косовада «дельта» штамын жұқтырғандар көбейген, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Вьетнамда тәулігіне 13 мыңға жуық жағдай тіркелді.

Бұл COVID-19 инфекциясының жаңа рекорд тәуліктегі өсуі - 12 920 адам вирус жұқтырған. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш 25 тамызда 12 096 вирус жұқтыру жағдайы анықталған. Пациенттердің барлығы дерлік ел ішінде індет жұқтырды. Ең көп науқастанғандар Оңтүстікте анықталды: Хошиминде 5 383 жағдай, Биньзонг провинциясында 4 187, Донгнай провинциясында 996 жағдай. Осылайша, Вьетнамдағы сырқаттанғандардың жалпы саны 410 366 адамға дейін өсті, 10 053 адам қайтыс болды.

Косово ұлттық денсаулық сақтау институты COVID-19 туралы күнделікті статистиканы жариялады. ПТР сынақтарының 12 564 үлгісінен 2 098 коронавирус тасымалдаушысы анықталды, олардың көпшілігі «дельта» штамын жұқтырған. Косово Үкіметінің өкілі Бесник Бислими елге коронавирустық вакцинаның 650 000 дозасы келеді деп күтіліп отырғанын айтты. Германия 150 000 доза жөнелтсе, қалған жарты миллион доза АҚШ-тан келеді. Вакциналардың екі партиясы да Covax халықаралық бастамасы аясында Косовоға жеткізіледі.

Басты сөздер: Әлемдегі коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай