Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Коронавирус: ЖОО профессорлары мен резиденттері ауруханаларда жұмыс істейді

2020 жылдың 29 маусым 2020 22:12

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында медициналық колледж түлектері жедел жәрдем бригадаларына көмектесетін болады. Ал университеттің оқытушы-профессорлары мен резиденттері ауруханаларға жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында қазір 4800-ден астам медцина қызметкері жұмыс істейді.

«Медицина университетінің 112 резиденті мен 165 оқытушы-профессоры емдеу, кеңес беру жұмысына тартылады. Сонымен бірге бүгіннен бастап жедел жәрдем мен провизорлық емдеу орнына медициналық колледждің 100-ге жуық түлегі қосылды», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Өңір басшысы тікелей эфир кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін жоспарлы толықтыру жүргенін, демеушілер арқылы қор жиналатынын айтты.

«Облыс бойынша 200-ге жуық мониторинг тобы құрылды. Олар 4 мыңнан астам тексеру жүргізді. Тұрғындар тарапынан сұраныс артқан соң қызу түсіретін дәрі, антибиотиктер, вирусқа қарсы препараттардың жетіспеушілігі бар. Оны білемін. Облыстағы 573 дәріханаға дәрі-дәрмек уақылыты келсе де, тұрғындарды толық қамтамасыз ете алмай отыр. Дәріхана иелеріне ескерту берілді. Сонымен бірге көршілес Ресеймен байланыс орнатылды», - деді Оңдасын Оразалин.

Бұған дейін Өңір басшысы тікелей эфир барысында коронавирус бойынша ахуалды баяндады. Сондай-ақ ол өңірде пневмониядан 62 адам көз жұмғанын мәлім етті.


Жоғары қарай