Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус жұқтырған 20 мың пациент стационарда жатыр – министрлік

2021 жылдың 21 шілде 2021 09:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус жұқтырған 20 050 пациент стационарда жатыр. Бұл туралы ДСМ сілтеме жасап хабарлайды.

21 шілдедегі мәлімет бойынша 64 367 адам коронавирус инфекциясынан (62 651 КВИ+ және 1 716 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 20 050 пациент стационарда, 44 317 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
1 157 адамның жағдайы ауыр,
263 пациенттің жағдайы өте ауыр,
160 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Жоғары қарай