Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирусқа қарсы 400 млн доза вакцина Италия, Германия, Франция және Нидерландыға жеткізіледі

2020 жылдың 14 маусым 2020 13:00

ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Италия, Германия, Франция және Нидерланды британиялық дәрі шығаратын AstraZeneca Plc компаниясымен коронавирусқа қарсы 400 млн доза екпені жеткізу жөнінде келісімшартқа отырды. Алғашқы жеткізілім 2020 жылдың соңына дейін жасалады. Бұл туралы ҚазАқпарат The Independent басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фармацевтикалық компания қазіргі уақытта сынақтан өткізіліп жатқан екпені Оксфорд университеті дайындағанын мәлім етті.

AstraZeneca пандемия кезінде екпені үстінен пайда көрмей жеткізетінін атап өтті.

Екпенің алғашқы партиясы осы жылдың соңына дейін келуі тиіс. Бұл туралы сенбі күні Италияның денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанца Facebook парақшасында жазды.

Компания 2 миллиард екпе дозасын өндіру бойынша өз міндетін орындау үшін әлемнің барлық елімен келісімшартқа отыруға келісті. Белгілі болғандай, екі кәсіпорынды Билл Гейтс қолдаған, сондай-ақ АҚШ үкіметімен 1,2 миллиард долларға келісім жасалған.

Қазіргі уақытта Covid-19-ға қарсы бекітілген екпе немесе дәрі жоқ, бірақ әлемде бірқатар сынама жүргізіліп жатыр.

Сәуірде Ұлыбританияда Оксфорд университетінің екпесін ерікті адамдарға сынақтан өткізу басталды.

Сынаққа 18-55 жас аралығындағы 1000 адам қатысты. Өткен айда сынауға 10 000 ерікті тартылып, жаңа кезеңі басталды.


Жоғары қарай