Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар үшін бірқатар шектеулер алынып тасталды

2021 жылдың 19 мамыр 2021 22:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес COVID-19 инфекциясына қарсы екпенің толық курсынан өткен адамдар үшін бірқатар шектеулер алынып тасталды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда:

ауруханаға жатқызудың кез келген түрі үшін, ұйымдасып, ұжымдарға барған кезде, вахталық қызметкерлерге, демалыстан, іссапардан кейін медицина қызметкерлеріне, ауруына байланысты жұмыс орнында болмаған кезде, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттеріне және басқа адамдарға ПТР тест талап етілмейді.

COVID-19 расталған адамдармен байланыста болған жағдайда оқшауланбайды, бірақ оларға медициналық бақылау қамтамасыз етіледі;

кеңсе ұйымдарының қызметкерлері қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылмайды.

Сонымен қатар шетелге сапарға шыққан кезде ПТР анықтамасы талап етілмейді.

1 шілдеден бастап екпенің екі компонентін салдырған адамдардың статусы «Ashyq» қосымшасында «жасыл» түсті көрсететін болады.


Басты сөздер: Коронавирус, Вакцина,
Жоғары қарай