Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Коронавирусқа қарсы вакцина халал ма, харам ба – имам жауабы

2022 жылдың 24 қаңтар 2022 17:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінде әлем елдері оның ішінде қазақстандықтарда COVID-19-ға қарсы вакцина және ревакцинаны қарқынды алып жатыр. Осы орайда көпшілікті мазалайтын сұрақтың бірі вакцина адал ма және екпеге қатысты дін не дейді? Бұл сұраққа елордадағы «Әзірет сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Діни тұрғыдан «Вакцина алған жөн бе?» деген сауал көпшілікті толғандырады. Шариғатта денсаулықтың аманат екені айтылады. Білмеген нәрсені сол саланың мамандарынан сұра деген аят бар. Осы орайда біз вакцинаға қатысты денсаулық сақтау саласы мамандарынан сұраймыз. Олар вакцина алу керек, тіпті маңызды деп отыр. Сондықтан індеттен сақтану үшін екпе алуды біз қолдаймыз. Өз кезегімізде мешіттерде түсіндіру жұмыстарын тұрақты ұйымдастырып тұрамыз. Яғни жамағатты вакцина және ревакцина алуға шақырамыз. Коронавирус індетін жеңеміз десек, екпе алған жөн», - деді Ерболат Жүсіпов.

Сондай-ақ, имам көпшілікті толғандырған вакцина халал ма әлде харам ба дегенге қатысты түсінік берді.

«Жиі қойылатын сұрақ. Діни саладағы пәтуаға жауапты мамандар коронавирусқа қарсы вакцинаны шариғатқа сай адал, рұқсат берілгенін айтты. Жалпы вакцинация науқаны енді басталған кезде жамағат тарапынан сұрақ көп болды. Тұрақты түсіндіру жұмысының нәтижесінде бүгінде адамдардың екпеге қатысты пікірі оң деуге болады», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай бүгін елордада діни бірлестіктер өкілдері ревакцина жасатты.



Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Вакцина, Дін,
Жоғары қарай