Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирусқа қарсы вакцина мұнай нарығын жандандырады - Нұрлан Ноғаев

2020 жылдың 24 қараша 2020 18:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы вакцинаның әзірленуі мұнай-газ нарығын жандандыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұнай-газ саласы түрлі өзгерістерге өте сезімтал екені белгілі. Мұнай мен газ – биржалық тауарлар. Сондықтан әлемде болып жатқан өзгерістер бағаға ықпал етіп отыр. Жалпы дамуға, экономикаға әсер ететін кез келген оқиға мен саяси факторлар мұнай бағасына әсерін тигізеді», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол ірі мемлекеттер басшыларының мәлімдемелері немесе қандай да бір елеулі шешімдер бағаның қалыптасуына өзгеріс енгізетінін атап өтті.

«Биыл Қазақстан 5 млн тоннаға өндіру көлемін төмендетті. Бұл қадам қоймаларда өнімнің шектен тыс жиналмауы үшін әрі кен орындарының тоқтауына жол бермеу бағытында іске асырылды. Атап айтқанда, осының барлығы ОПЕК+ келісім аясында қажетті шара болды. Саладағы сарапшылар коронавирусқа қарсы вакцинаны даярлау жақсы нәтиже беріп, экономикалық даму жанданатынын айтуда», - деді Н. Ноғаев.


Жоғары қарай