Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирусқа қатысты әлемдегі ахуал

2021 жылдың 13 мамыр 2021 20:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлыбритания коронавирусқа байланысты енгізген шектеулерді жеңілдетуде. Дания халықты жаппай тестілеуден өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлыбритания біртіндеп қалыпты өмірге орала бастады. Мұнда 17 мамырдан бастап пабтар, барлар мен мейрамханалар клиенттерге тек террассаларда ғана емес, сонымен қатар үй-жайлардың ішінде де қабылдай алады. Ашық ауада 30 адамға дейін топтық жиналуға рұқсат етіледі. Кинотеатрлар жұмысын қайта бастайды.




Ал Ирландияда биліктің жоспары бойынша республиканың мыңдаған азаматы ұзақ мерзімді оқшауланудан кейін жұмыс орындарына оралады. Дүкендер, мәдени мекемелер, мұражайлар кезең-кезеңімен ашылады. Билік бұл жеңілдіктер халыққа жаңа серпін беретініне үмітті.




Италияның барлық өңірі коронавирустың таралу қаупі төмен «сары» аймақта орналасқан. Елдің бірқатар өңірінде шектеулер жеңілдетілді. Ал Сицилия, Сардиния және Валле-д'Аоста тұрғындары үшін қатаң карантин режимі әлі бір аптадай сақталады.




Даниялықтар коронавирусты тестілеу пунктерінде жаппай тексерілуде. Билік таңдаған стратегияға сәйкес бұл процесс карантин талаптарын жеңілдетумен қатар жүргізіледі. Теріс нәтижелі ПТР-тест және екпе алғандығы туралы сертификаттың болуы жергілікті мейрамханаларға, спорт залдарына, кинотеатрлар мен жұмысына рұқсат етілген өзге де мекемелерге еш кедергісіз кіруге мүмкіндік береді.


Басты сөздер: Әлем, Әлемдегі коронавирус,
Жоғары қарай