Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирусқа қатысты жаңартылған мәлімет 4 цифрға негізделеді

2020 жылдың 1 тамыз 2020 18:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирусқа қатысты жаңартылған мәліметтер төрт цифрға негізделеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер бірінші код бойынша бәрі анық болса, екінші жағдайда коронавирусқа бірнеше белгілер бойынша диагноз қою керек, олар: эпидемиологиялық және клиникалық белгілер. Эпидемиологиялық белгілер - пациент ауру жұқтырған адамдармен нақты байланыста болған кезде, клиникалық белгілері - дене қызуы, құрғақ жөтел. Біз ел бойынша жиналған мәлімет 2 тамыздан бастап күнделікті ұсынып отырамыз. Мәліметтер төрт цифрға негізделеді. Бірінші көрсеткіш - коронавирус ПТР сынағымен расталған пациенттер, екіншісі - өлім жағдайлары, үшіншісі - ПТР сынамаларымен дәлелденбеген ықтимал ауырған пациенттер, төртіншісі - ПТР сынамаларымен дәлелденбеген бірақ өлім нәтижелері көрсеткен жағдайлар», - дейді ол.

Бұған дейін, Бағдат Қожахметов жаңартылған коронавирус статистикасы 2 тамызда жарияланатынын айтты.
Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді міндеттеген болатын. Кейін коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетіні анықталды.

Сонымен қатар, Елімізде COVID-19 бойынша жаңа статистика 1 тамыздан бастап жүргізілетіндігі айтылды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус статистикасы жаңаша қалай жүргізілетінін түсіндірді.


Жоғары қарай