Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирусқа шалдыққан 30 науқастың жағдайы ауыр – министрлік

2020 жылдың 1 желтоқсан 2020 09:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 13 444 науқас коронавирустан емделуін жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 желтоқсандағы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 444 адам ем қабылдауын жалғастыруда. Олардың арасында 912 бала бар. Стационарларда 3 586 науқас жатыр. 9 858 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 232 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 30 науқастың халі аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында.

Бүгінге дейін коронавирус инфекциясы барлығы 132 348 адамнан анықталды. Оның ішінде 116 863 науқас жазылып шықты, 1990 адам қайтыс болды.


Басты сөздер: Коронавирус, Медицина,
Жоғары қарай