Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Коронавируспен ауырғандар қанша уақыттан соң вакцина алады – маман жауабы

2022 жылдың 31 қаңтар 2022 18:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Коронавируспен ауырған науқас жазылғаннан кейін алты айдан соң вакцинацина алуы керек. Мұндай ұсынысты Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер адам өзінің коронавирус инфекциямен ауырғанын нақты білсе, онда ол вакцинаны алты айдан соң ғана салдырады. Бұл «омикрон», «дельта» және басқа да штаммға байланысты. Бұл туралы қаулыларда, нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген. Иммундық жүйенің жұмысын ескере отырып, екпе жарты жылдан кейін ғана жүргізіледі», – дейді Әсел Қалықова.

Бұған дейін ол Алматыда балалар коронавирусты жиі жұқтыра бастағанын айтқан болатын.

Айта кетейік, мегаполисте Ashyq жобасының арқасында «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 1255 тұрғын анықталды.



Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Коронавирус, Алматы,
Жоғары қарай