Ауа райы
Астана -27 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавируспен күрес: Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жолдады

2020 жылдың 25 қараша 2020 14:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қырғызстанға гуманитарлық жүк жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, бұл көмек ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен және Үкіметтің 13 қарашадағы № 763 қаулысына сәйкес беріліп отыр.




Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 23 қарашада Қырғыз Республикасына ауыр жүк көлігімен «Көкшетау-4П» өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 400 данасын және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 млн медициналық масканы жіберді.

Жіберілген гуманитарлық жүктің жалпы құны - 390 млн теңгеге жуық.




Оның ішінде «Тыныс» АҚ шығарған «Көкшетау-4П» өкпені жасанды желдету аппараттарының құны - 328 млн теңге.

«Dolce pharm» ЖШС және «Mega pharm» ЖШС шығарған медициналық бетперде құны - 61 млн теңге.





Жоғары қарай