Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавируспен күрес: Кипр Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетіп отыр

2020 жылдың 26 қазан 2020 19:33

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Израильдегі және Кипр Республикасындағы Елшілігінің көмегімен 12 қазанда Алматы қаласына Кипрдің Remedica фармацевтикалық компаниясының гуманитарлық көмегі жеткізілді. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Салмағы 500 келідей жүк 9000-нан астам дәрі-дәрмек пен 50 000 маскадан тұрады.

Гуманитарлық көмек Денсаулық сақтау министрлігімен келісім бойынша Қазақстан аймақтарына тарату үшін бірыңғай дистрибьютор саналатын СҚ «Фармация» компаниясының қарамағына түсті.

Бұл ықпалдастық коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында бірлескен күш-жігер аясында жүзеге асырылды.

Көрсетілген көмек Қазақстан мен Кипр арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды, сондай-ақ пандемияға қарсы халықаралық күш-жігердегі ынтымақтастықты айқын көрсетеді.

Айта кетейік, Remedica - Кипрде орналасқан жетекші фармацевтикалық компания және оның өнімдері әлемнің 160-тан астам елдерінде таратылады.

Компания азаматтарға арналған сапалы, қауіпсіз және тиімді фармацевтикалық өнімдерді әзірлеу, өндіру және сату ісіне маманданған.

Қазіргі уақытта фармацевтикалық ұйымның Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер мен бірқатар әлемдік жетекші елдердің денсаулық сақтау органдары мақұлдаған 5 заманауи зауыты бар.


Жоғары қарай