Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавируспен күресте пайдаланылатын тауарларды баж салығынсыз жеткізу мерзімі ұзартылды

2020 жылдың 5 қазан 2020 12:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және болдырмау үшін пайдаланылатын кейбір тауарларға баж салығынсыз әкелу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Тарифтік жеңілдік 2021 жылғы 1 қазаннан 31 наурызға дейінгі мерзімге ұзартылады, де хабарайды ҚазАқпарат Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген әкелінетін тауарлардың нысаналы мақсаты расталған кезде вакциналарды, дәрі-дәрмектер мен қорғаныш құралдарын (маскалар, дезинфекциялау құралдары, қолғаптар және т.б.) өндіруге арналған шикізатты, сондай-ақ коронавирустық инфекцияны емдеуге және алдын алуға арналған әртүрлі аппаратураларды бажсыз импорттауға жол беріледі.

«Аталған тарифтік жеңілдіктің жарты жылдық ұзартылуы коронавируспен күресу үшін қажетті өнімді импорттау кезінде кедендік баждарды төлеу бойынша шығындарды азайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова.

Кеңестің шешімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.


Жоғары қарай