Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирустан «Astana»-ның тағы екі велошабандозы жарысқа бармайды

2020 жылдың 1 қазан 2020 16:56

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – «Джиро д’Италия» веложарысына қатысатын «Astana Pro Team» командасының құрамына өзгеріс енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.


ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, велошабандоздар Юрий Натаров пен Вадим Пронский коронавирус жұқтырып алғаны командаластары Жандос Бижігітовпен жақын байланыста болған. Ж.Бижігітовтен COVID-19 симптомдары байқалып, тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткен еді.

Осылайша, Юрий Натаров пен Вадим Пронскийді италиялық Гранд-Турда Йонас Грегаард Вилсли мен Родриго Контрерас алмастырады.

«Юрий Натаров пен Вадим Пронскийді алмастырғанымыз өте өкінішті. Себебі олар осы жолы алғаш рет «Джиро д’Италияға» қатысуы тиіс болатын. Бірақ жарыстың протоколы қатаң. Тіпті жігіттерде ешқандай симптом болмаса да, олар командалас әріптестеріне вирус жұқтыруы мүмкін еді. Жандос Бижігітовтің тез арада сауығып кететініне күмәніміз жоқ. Себебі ол келесі жарыстарға қатысуы керек. Шабандоздарымызды алмастыруға тура келгеніне қапалымыз», – дейді «Astana Pro Team» бас менеджері Александр Винокуров.

Бұған дейін тасжолдағы велоспорттан өтіп жатқан Әлем чемпионатының алдында тағы бір шабандоз Алексей Луценко COVID-19 вирусын жұқтырып алған-ды. Қазіргі таңда Луценко екінші рет тапсырған сынақ нәтижесін күтуде.


Жоғары қарай