Коронавирустан емделіп жатқан 326 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 11 желтоқсандағы ақпарат мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 21 364 адам коронавирус инфекциясынан (–18 510+ және 2 854 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 4 184 пациент стационарда, 17 180 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 326 адамның жағдайы ауыр
- 87 пациенттің жағдайы өте ауыр
- 63 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.