Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Коронавирустан көз жұмған екінші жағдай туралы

2020 жылдың 31 наурыз 2020 14:00
Науқас келіп түскенде оның жағдайы ауыр болды. Тынысы тарылып, оған екі жақты пневмония диагнозы қойылған.
Келіп түскен сәтінен бастап созылмалы ауруларының кесірінен пациенттің жағдайы асқына берді. Онда қант диабетінің инсулинге тәуелді түрі, күретамырларының қысымы жоғары болған.
2020 жылдың 22 наурызында жансақтау және шұғыл терапия бөлімшесіне ауыстырылды.
Диагностика кезінде коронавирус инфекциясы расталған.
Коронавирус инфекциясының диагностикасы мен емдеу бойынша клиникалық хаттамасына сәйкес ем қабылдаған.
Күн сайын сала мамандарын, соның ішінде Астана медициналық университеті кафедраларының қызметкерлерін тарта отырып консилиумдар өткізілді.
Шұғыл терапияға қарамастан, тыныс алу, жүрек және бүйрек функцияларының жетіспеушілігі белгілері артқан.
2020 жылдың 31 наурызында сағат 03.30-да науқастың жүрегі тоқтады.
Басты сөздер:
Жоғары қарай