Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Коронавирустан тағы 14 адам қайтыс болды - министрлік

2021 жылдың 18 желтоқсан 2021 09:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел өңірлерінде коронавирустан тағы 14 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, 16 желтоқсандағы бір тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 3 жағдайы тіркелді, 36 адам індеттен сауықты.

Жалпы, 2020 жылғы 1 тамыздан биылғы 16 желтоқсанға дейін коронавирус пневмониясына 83 619 адам шалдықты, оның ішінде жазылды – 75 847, қайтыс болды – 5 195 науқас.

Сондай-ақ министрлік дерегінде 16 желтоқсан күні коронавирустан 14 адам қайтыс болғаны көрсетілген. Жалпы, пандемия басталғалы вирус 982 475 адамнан анықталды, оның ішінде жазылып шықты 952 314 науқас, қайтыс болды – 12 917 адам.





Жоғары қарай