Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирустан үйден емделу хаттамасына бес тегін дәрі енгізілді – ДСМ

2020 жылдың 21 шілде 2020 17:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – КВИ-ден үй және амбулаториялық деңгейде емдеу хаттамасына тегін бес фармацевтикалық препарат енгізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пневмонияны, коронавирусты пневмонияны, КВИ-ді үй және амбулаториялық деңгейде емдеу хаттамасына тегін бес фармацевтикалық препарат енгізу мәселесін қарастырып жатырмыз», - деді Алексей Цой.

Министр атап өткендей, адамдар нарықта осы препараттарды іздеп кетпеу үшін қолға алынып отырғанын жеткізді.

«Қазір қажетті процедуралар жүргізіліп жатыр. Емдеу хаттамалары енгізілуде. Пациенттер ауруханаға жетпей жатып, емді үйінде ала алатындай, яғни препапаратты үйіне жеткізу мәселесін пысықтаудамыз», - деді ол.

Нақтырақ айтқанда амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамту тізіміне ыстық түсіретін препараттардан «Парацетамол» мен «Ибупрофенді», антикоагулянттардан «Ривароксабан», «Апиксабан» мен «Дабиготранды» енгізу көзделген.

«Бөлшектік сауда үшін біз Ресей мен Үндістаннан 6 әуе рейсін орындап, Қазақстанға 4 млн қаптама дәрі жеткізілді. Одан бөлек әрбір аймақ өздігімен бұл жұмысты жүргізуде», - деді Алексей Цой.


Жоғары қарай