Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Коронавирусты алдын алу: ШҚО-да жедел штаб құрылды

2020 жылдың 27 қаңтар 2020 23:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазаАқпарат - Қытайдан шыққан коронавирустың таралуына жол бермеу үшін ШҚО-да жедел штаб құрылды. Бұл туралы өңір басшысы Даниал Ахметов facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚХР-мен біздің облыстың шығыс бөлігі шектеседі. 2 ақпанға дейін «Бақты» және «Майқапшағай» кеден бекеттері арқылы шекарадан өту тоқтатылды. Қазіргі таңда екі бағытта да азаматтар мен тауарлардың қозғалысын толық тоқтату мәселесі шешілуде», - дейді облыс әкімі.

Оның хабарлауынша, ШҚО-да азаматтарымызды қауіпті аурудан қорғау үшін шекаралық бекеттердегі санитарлық-бақылау пункттері тепловизорлармен жабдықталған.

«Бақты және Майқапшағайда 6 тепловизор бар. Семей және Өскемен әуежайларында жолаушыларды мониторингтен өткізу үшін үш тепловизор жұмыс істейді. Алдағы күндері «Ақтоғай» теміржол станциясын тепловизорлармен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз», - дейді әкім.

Сонымен қатар, өңірдің барлық медициналық ұйымдары жоғары дайындық режимінде жұмыс істеуде. Вирусқа қарсы препараттардың қажетті қоры, сондай-ақ 12 400 қорғаныш костюмдері, 670 000 респиратор және 7 млн. бірреттік маскалар бар.

«Күдікке ілінген, вирус жұқтырған адамдарды тасымалдайтын 2 жеке көлік капсуласын дайын. Тағы 4 капсулаға және Л-1 типті 18 қорғаныш костюміне өтінім берілді. Қытай шекарасынан ары-бері өткен азаматтардың денсаулық жағдайы мұқият бақылауға алынған. Достар, қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының аумағында коронавируспен ауру фактілері тіркелген жоқ. Жағдай менің жіті бақылауымда», - деп жазды Даниал Ахметов.



Жоғары қарай