Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирусты анықтауға арналған 8 мобильді зертханалық кешен сатып алынады

2020 жылдың 28 қазан 2020 14:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Күз-қыс кезеңінде тәулігіне коронавирусты анықтауға арналған 73 мың зертханалық зерттеу жүргізіледі. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшысының атап өтуінше, қазіргі уақытта ПТР тестілеу 134 зертханада жүргізіледі. Оның ішінде 26 зертхана санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің, 69-ы жекеменшік және 39-ы медициналық ұйымдардың базасында жұмыс істеп тұр. Тестілеу қуаты тәулігіне 67 248 талдаманы құрайды.

«ПТР-амплификатордың 20, ДНҚ мен РНҚ-ны бөлуге арналған автоматтандырылған жүйенің 20 бірлігі жеткізілді. «ҚДБ-Лизинг« АҚ-пен 8 мобильді зертханалық кешен жеткізуге арналған келісімшарт жасасу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үкімет резервінен 1 200 000 зерттеуге арналған тест сатып алуға 13,8 млрд теңге бөлінді. Бұл шаралар күз-қыс кезеңінде зертханалық зерттеулер қуатын тәулігіне 73 мыңға дейін жеткізуге мүмкіндік береді», - деді Асқар Мамин.


Жоғары қарай