Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Коронавирусты анықтайтын экспресс тестіден ең алдымен кімдер өтеді

2020 жылдың 7 сәуір 2020 13:38

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова коронавирусты анықтауға арналған экспресс тест ең алдымен кімдерге жасалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл тестен кімдер өтеді дегенге келсек, ең алдымен алғы шепте жұмыс істеп жүрген медицина, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, дезинфекция жасап жүргендер және волонтерлер өтеді. Сонымен қатар, арнайы сайтта анкета толтырып, өтінім бергендер өте алады. Яғни тестіден өтуі керек деп танылған адамдар ғана тексеріледі. Алдын ала өтінім берген азаматтың телефонына қай күні, қай жерде тестен өтетіні туралы хабарлама келеді», - дейді ол.

Сонымен қатар, ол қалаға экспресс тест құралдары жеткізіліп, арнайы 8 орын белгіленгенін атап өтті.

«Олимп» сынақ алатын 5 орынды дайындады және қайырымдылық қоры тарапынан 3 орын белгіленді, бұлардың бәрі санитарлық-экпидемиялық талаптарға сай»,- дейді Айзат Молдақасымова.


Жоғары қарай